Accessibility links

Қарағанды облысында 45 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады


Шілденің 24-күні сағат 13 кезінде Екатеринбург-Алматы тас жолының 669 шақырымында Шымкенттен Астанаға бара жатқан «Мерседес» маркалы автобусы аударылып, ондағы 45 жолаушының біреуі қаза тауып, әртүрлі дене жарақаттарын алған 15 адам Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі. Апатқа байланысты жүргізілген тексерудің алдын ала деректері бойынша, жылдамдықпен кетіп бара жатқан автокөлік алдыңғы сол жақ дөңгелегі жарылған соң аударылғаны анықталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG