Accessibility links

Караджичтің адвокаттары сот шешіміне шағымданбақ


Босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджичтің қорғаушылары оны Гаагадағы халықаралық трибуналға тапсыру жөніндегі соттың шешіміне бүгін ресми түрде шағымданбақшы. Дүйсенбі күні қамауға алынған Караджичке геноцид пен соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылып отыр. 1992-1995 жылдары Боснияда болған соғыстан кейін Караджич жасырынып жүрген болатын.

XS
SM
MD
LG