Accessibility links

Сербияда Караджичті қолдау шеруі өткізілмекші


Бүгін Сербиядағы әсіре- ұлтшылдар Белградта үкіметке қарсы шеру өткізуді жоспарлап отыр. Шеру ұйымдастырушылары босниялық сербтердің бұрынғы басшысы Радован Караджичтің Гаагадағы халықаралық трибуналға тапсырылуына кедергі жасамақшы. Сербияның оңшыл қанаттағы радикалды партиясы Сербия мен Босниядағы Караджичтің қолдаушыларын шеруге қатыстырмақшы. Өткен аптада қамауға алынған Караджичке геноцид пен соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG