Accessibility links

Ресей күштері Абхазиядан шығарыла бастады


Грузияның жікшіл аймағы Абхазияда темір жол жөндеуге жіберілген ресейлік күштер тұрған еді.
Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында атын атамаған әскерилер өкілі бүгінде 150 әскер шығарылды, ал қалған 250 әскер Сухимидегі ресми шарадан кейін Абхазиядан әкетіледі деген.
Грузия, Құрама Штаттар және НАТО Ресейді Абхазиядағы жікшілдерді қолдап, мамыр айында аймаққа қарусыз жасағын енгізгені үшін сынап келген. Ресей ол теміржол жөндеуші жасақ қайырымдылық көмегімен барды деп түсіндірген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG