Accessibility links

"Бибі Ана" қоры Құлыбаевқа қайрылды


Алматыда мүгедек-әйелдердің қоғамы кеңсе ғимаратын өздеріне қалдыруды талап етіп отыр. Осыған қатысты республикалық «Бибі Ана» қоры Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа үндеу жасады. Оған себеп, осыған дейін мемлекет меншігінде болған, мүгедек әйелдер қоры отырған Абай мен Байтұрсынұлы көшелері қиылысындағы 12 қабатты ғимаратты «ҚазМұнайгаз» «Меркурий» акционерлік қоғамына сатқан. Енді «Меркурий» компаниясы «Бибі Ана» қорынан ғимаратты босатуды талап етіп отыр. Қор жетекшісінің айтуынша, 2006 жылы Құлыбаев «Қазмұнайгаздың» вице-президенті болып тұрған кезде бұл ғимаратты «Меркурийге» 2 млн долларға, яғни әр шаршы метрін 200 долларға ғана бағалап сатқан.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG