Accessibility links

Ирақта 35 бүлікші ұсталды


Ирақтың Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, ирақтық әскерлер Дияла провинциясындағы бүлікшілерге қарсы операцияда 35 күдіктіні қамауға алды. Франц пресс агентігіне берген сұхбатында министрлік өкілі ұсталғандар терроризм, адам өлімі және басқа қылмыстар бойынша іздеуде болғандар деген.
Кеше АҚШ күштерінің қолдауымен мыңдаған әскер Бақуба қаласы маңында бекінген бүлікшілерге қарсы соққы беру үшін Дияла провинциясына кірген. Бұл операцияға 30 мың Ирақ әскері мен полиция күштері тартылған.
XS
SM
MD
LG