Accessibility links

Олимпиаданы ұйымдастырушылар интернеттегі цензураны қорғап отыр


Бүгін Қытайдың Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылары өздерінің шетелдік журналистер үшін кейбір вебсайттарға кіруге тосқауыл қою әрекеттерін ақтап отыр. Ұйымдастыру комитетінің өкілі айтқандай, әлі де ойындар кезінде журналистерге жан-жақты мүмкіндік берілетін болады. Цензура енгізілген сайттар қатарында адам құқын қорғаушы топтар, Тибеттің қуғындағы ұйымы және Фэлун Гуң арағайындық қозғалысы бар. Швейцариядағы Халықаралық Олимпиада комитеті шетелдік журналистердің интернетке еркін кіру мүмкіндігіне кепілдік берген. Аталмыш комитет бүгін өздерінің Қытайдағы шектеулер туралы ақпаратты қарап жатқандарын айтты.
XS
SM
MD
LG