Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысында күйдіргіге шалдыққан адам қайтыс болды


Сәрсенбі күні кешке Төлеби ауданындағы Алғабас ауылында 38 жасар ер адам көз жұмған, деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. 28 шілде күні Леңгір қаласындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түскен науқасқа дәрігерлер «күйдіргі дертіне шалдыққан» деген диагноз қойған болатын. 20 шілде күні ол адам дертке шалдыққан малды союға қатысқаны кейін анықталған. Қазір ол жерді мамандар бақылауға алып, тексеріп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG