Accessibility links

Ақтөбе облысына Ресейден ет әкелуге тыйым салынды


Шілденің 24 күні Ресейдің Орынбор облысындағы шошқа арасында африка обасы қатерлі дерті анықталған соң, Ақтөбе облысына іргелес Ресей аймағынан мал, ет және мал азығын әкелуге уақытша тыйым салынды. Ресеймен шекарадағы Жайсан, Әлімбет, Жиренқопа бекеттеріне арнайы жабдықталған дезинфекциялық қызмет жұмысқа кірісті. Олар Ресейден келетін автокөліктерді залалсыздандырғаннан кейін ғана Қазақстанға өткізеді.
XS
SM
MD
LG