Accessibility links

Рахат Әлиевке қарсы тағы бір сот болуы мүмкін


Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазіргі кезде Рахат Әлиев пен оның сыбайластарына қатысты тағы бір қылмыстық істі тексеріп жатыр, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі. Бұл жолы Әлиев бастаған топқа кезінде елдегі бірнеше ірі кәсіпорынды рейдерлік жолмен тартып алған, олардан түскен қаржыны мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға пайдаланған деген айыптар тағылып отырған көрінеді. Қазірде шетелде бас сауғалап жүрген Р.Әлиев бұған дейін Қазақстанда қылмыстық топ құрып, кісі ұрлады және мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыптармен екі рет сырттай сотталып, жиынтық 40 жыл мерзімге түрме жазасына кесілген болатын.
XS
SM
MD
LG