Accessibility links

ЮКОС-тың бас менеджеріне айып тағылды


Бүгін Мәскеу қалалық соты ЮКОС мұнай компаниясының бас менеджері болған Невзлин деген азаматты бірнеше адамды өлтіруге тапсырыс берді, оның ішінде жергілікті губернатордың өліміне қатысы бар деп тауып отыр.
2003 жылы ЮКОС-тың басшысы Михаил Ходорковский қамалған соң, Израилге қашып кеткен Невзлин сырттай сотталды. Ол Юкостың қауіпсіздік қызметінің басшысы болған Алексей Пичугинмен бірге адам өлтірді деп айыпталып отыр.
Пичугин 2006 жылы 24 жылға түрмеге жабылды. Невзлин барлық айыптардан бас тартып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG