Accessibility links

Оңтүстік Азиялық аймақтық саммит аяқталды


Бүгін Шри-Ланкада Оңтүстік Азия жетекшілерінің саммиті аяқталды. Екі күнге созылған бұл жиында сегіз елдің жетекшілері аймақтағы терроризммен күресте ынтымақтастықты күшейту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету келісімдерін мақұлдады. Саммит аясында Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Пәкістан премьер министрі Юсуф Раза Гиланимен екі елдің арасындағы терроризм мен бүлікшілерге қатысты мәселелерді талқылады. Олардың кездесуден кейін бірлесе таратқан мәлімдемесінде, шекара аралық террорды тоқтатуға бірігіп күш салуға келіскені айтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG