Accessibility links

Шри-Ланка саммитімен қатар елде шайқастар орын алды


Шри-Ланка әскерилерінің хабарлауынша, елдің қауіпсіздік күштері мен “Тамил барыстары” деп аталатын қозғалыстың жікшілдері арасындағы соңғы шайқастан 14 көтерілісші мен екі әскер қаза тапты. Елдің солтүстігіндегі бұл қақтығыстар Шри-Ланка астанасындағы саммитте терроризммен күрес келісімі мақұлданады деп отырғанда болды. 1980 жылдардан бері Тамил көтерілісшілерінің тәуелсіздік үшін күресінен он мыңдаған адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG