Accessibility links

Израиль Газа босқындарын қайтаруда


Израиль Газа қаласындағы қанды қақтығыстардан қашып аймағына келген палестиндіктерді қайтара бастады. Израиль ресмилерінің айтуынша, сенбі күнгі тоғыз адамның өліміне әкелген шайқастан кейін Фатх ұйымының 180 дей мүшесіне елге кіруге рұхсат берілді. Фатх ұйымына жетекшілік ететін Палестина президенті Махмуд Аббас Израилге бұрынғы өтініші бойынша босқындарды Батыс жағалауға жібермеуге шақырған. Сенбі күнгі шайқас Газа қаласына бақылауды алып отырған Хамас ұйымы 25 шілдедегі шабуылдар артында тұр деген күдіктіні ұстамақ болған соң басталып кеткен. Ол шабуылда Хамастың бес белсендісі қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG