Accessibility links

Мәскеуде Александр Солженицын дүние салды


Бүгін Мәскеуде 90-ға келген шағында әйгілі орыс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты А.Солженицын дүние салды. Қаламгер жүрегі қысылып қайтыс болды.
Ресей, АҚШ, Франция және т.б. елдердің президенттері марқұмның жақындарына көңіл білдіруде. А.Солженицын – көптеген көркем шығарманың авторы, оның ішінде “Иван Денисовичтің бір күні”, “Бірінші айналымда”, “Архипелаг ГУЛАГ”, “Қызыл дөңгелек” атты тарихи эпопеясы оқырман қауымға кең танылды. Ол 1960-70-інші жылдары диссиденттердің қозғалысына қатысып, Совет Одағынан қуылды.
Ресейге 1994 жылы қайта оралды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG