Accessibility links

Үндістан Ауғанстанға қомақты қаржы көмегін бермекші


Ауғанстанға көмек ретінде Үндістан 450 млн. доллар қаржы бөледі. Үндістанға сапармен келген Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен өткізген келіссөзінен кейін үнді премьері Манмохан Синх бүгін осылай деп мәлімдеді.
Кабулдағы Үндістан елшілігіне қарсы террорлық шабуылдан кейін Ауғанстандағы үнді жұмысшыларының қауіпсіздігі екіжақты келіссөздің күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптың бірі болған сияқты. Үндістан да, Ауғанстан да кем дегенде 58 адам, оның ішінде 2 үнді дипломаты қаза болған 7-ші шілде күнгі осы қастандық үшін Пәкістанның барлау қызметін айыптады.
XS
SM
MD
LG