Accessibility links

Еуродақ пен Иран ресмилері телефонмен келіссөз жүргізді


Бүгін Еуродақ басшылығының мүшесі Хавьер Солана телефон арқылы Иранның ресми өкілі Саид Джалилимен Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын талдады. Нақты не туралы сөз болғаны хабарланбады. Оның алдында АҚШ-тың БҰҰ-дағы миссиясының өкілі Ричард Грэнелл мәлімдегендей, уран шикізатын байытуды доғару сынды халықаралық талапты орындауға Иранның құлықты еместігі аныққа шығып, енді БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкциясын қатаңдатудан басқа жолы қалмады.
Ал осы кезде бүгін Иран теңізде 300 шақырым қашықтықтағы нысананы жоя алатын жаңа қаруды сынақтан өткізгенін жариялады. Ресми Теһран егер өзінің ядролық нысандарына соққы берілетін болса, стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын бөгейтінін ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG