Accessibility links

Журналист пен оның жарын өлтірген қылмыскерге үкім шығарылды


Қырғызстанда “Вечерний Бишкек” газетінің тілшісі Ю.Александров пен оның әйелінің өлтірілуіне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.
Сотта айыпталушы Ренат Қазақбаев кісі өлтіргенін мойындап, соңғы сөзінде қолында жас әйелі мен кішкентай баласының және қарт ата-анасының барлығын айтып, жазасын жеңілдетуді өтінді. Айыпталушыға өмірлік түрме жазасы кесілді.
Р.Қазақбаев Бішкекте ерлі-зайыптылардың пәтерін жалдап тұрған, кейін олардың мәйіттері қылмыскердің ата-анасы тұрған үйдің бетоннан құйылған жертөлесінен табылды.
Сот, сонымен қатар, Р.Қазақбаевқа Ю.Александровтың туғандарына 30 мың доллар өтемақы төлеуді міндеттеді.
XS
SM
MD
LG