Accessibility links

Бейжің Олимпиадасының алғашқы ойындарын футболшы қыздар бастады


Тамыздың 6-күні Бейжіңде ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарының футбол матчтарын бастаған 12 елдің әйелдер командаларының арасында бірінші турдың кездесулері келесідей нәтижелермен аяқталды:
«Е» тобында – Канада - Аргентина 2:1, Қытай – Швеция 2:1.
«F» тобында – Солтүстік Корея - Нигерия 1:0, Германия - Бразилия 0:0.
«G» тобында – АҚШ - Норвегия 0:2, Жапония - Жаңа Зеландия 2:2.
Бейжің Олимпиадасындағы алғашқы голды Аргентина командасының қақпасына Канада құрамасының қорғаушысы 25 жастағы Кендис Чепмен салды. Футбол додасына ерлер арасында 16 мемлекеттің құрамасы, ал әйелдер арасында 12 елдің командасы түсіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG