Accessibility links

Оңтүстік Осетияда қызу шайқастар жүріп жатыр


Бұл жөнінде ресми Тбилиси мәлімдеді. Мұндағы Грузияның жеке бөлімшесіне қарасты жүк тасығыш ұшақты жікшілдер жойды және 3 солдатты жаралады деді Грузия İшкі істер министрлігі өкілі.
Бүгін аталған жікшілдік аймақтың ауылдары мен орталығы Цхинвали тағы да Грузия тарапынан ірі калибрлі зеңбіректердің нысанасына айналды, деген еді ресмилер. Оның кесірінен Оңтүстік Осетияда 18 адам жарақаттанды дейді Ресей басылымдары. Аймақ басшысы осыдан бұрын ресми Тбилисимен тікелей сөйлесуден бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG