Accessibility links

Қазақстан президенті Бейжіңде Қытай басшысымен кездесті


Бейсенбі күні Моңғолиядан кейін Бейжіңге сапарын жалғастырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті, деп хабарланды президенттің ресми сайтында. Назарбаев Бейжіңде жұма күні салтанатпен ашылатын ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарының басталуымен Қытай басшылығын құттықтады.

Қазақстан президентінің ықыласты сөзіне алғыс білдірген Ху Цзиньтао оны «қытай халқының үлкен досы» деп атады. ҚХР төрағасы Олимпиада ойындарының ашылуына келетін 80-нен астам мемлекет және үкімет басшыларының ішінен тек үш адам: АҚШ президенті Д.Буш, Ресей премьері В.Путин және Қазақстан президенті Н.Назарбаев үшін ғана жеке қабылдау өткізетінін айтты.
XS
SM
MD
LG