Accessibility links

Қазақстан премьері АҚШ сенаторларымен жүздесті


Тамыздың 7-сінде Астанадағы Үкімет үйінде Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов Хэрри Рид бастаған АҚШ Конгресі Сенатының делегациясымен кездесті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Кездесуде экономиканың әртүрлі саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың өзара іс-қимылының маңызды мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, Қазақстанның алдағы уақыттағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі, қалыптасып отырған әлемдік экономикалық жағдай туралы пікір алмасылды. Премьер-министр ел экономикасының шикізат емес саласында жұмыс жасайтын компанияларға салықтық пайыз азайтылып, корпоративтік табыс салығы 30-дан 15-20 пайызға дейін төмендетілетіні жөнінде сенаторларды хабардар етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG