Accessibility links

Бүгін Бейжің Олимпиадасының басталу салтанаты өтеді


Жұма күні Қытай астанасында ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындары сән-салтанатпен басталады. Қытай жерінде алғаш рет өткелі отырған Олимпиадаға әлемнің 203 елінен он жарым мыңнан астам спортшы қатысып, спорттың 41 түрі бойынша бақталастырмақшы. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бейжің Олимпиадасында спорттың 22 түрі бойынша 132 лицензияға ие.

Қазақстан үкіметі Олимпиада жүлдесін алған спортшылар мен олардың бапкерлері үшін ақшалай сыйлықтар: 1-орынға – 250 мың доллар, 2-орынға – 150 мың доллар, ал үшінші орын үшін – 75 мың доллар тағайындап отыр. Сонымен бірге, төртінші, бесінші және 6-шы орын алғандар да қаржылай сыйлықтан құр қалмайды. Тамыздың 8-күні сағат 18-де басталатын Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатын Қазақстандағы жанкүйерлер үшін «Хабар» және «Ел арна» телеарналары тікелей эфирден көрсеткелі отыр.

Бейжің Олимпиадасы тамыздың 8-24 аралығында өтеді.
XS
SM
MD
LG