Accessibility links

Ауғанстан Ұлттық армиясы 5 жылда 120 мыңға жетеді


АҚШ қорғаныс министрі Р.Гейтс Ауғанстан Ұлттық армиясының қатарын 50 мыңға дерлік ұлғайтып, 120 мыңнан асыру жоспарын ресми түрде мақұлдауы тиіс.

“Нью-Йорк таймс” газетінің хабарлауынша, ол жоспарға 20 млрд. доллар қаржы керек және оны қаржыландыру үшін АҚШ НАТО құрамындағы одақтастарынан көмек сұрауы мүмкін.
АҚШ баспасөзінің мәліметіне қарағанда, ауған армиясын ұлғайту жоспарын сонау баста үкімет ұсынған.
Талибан жасақтарынан төнген қатердің өсе түсуіне байланысты Р.Гейтс, сонымен қатар, Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерін қайта құруды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG