Accessibility links

БҰҰ-ы Ресейдің Грузия-Оңтүстік Осетия бойынша ұсынысын қабылдамады


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгінгі мәжілісінде Оңтүстік Осетиядағы жанжал бойынша бір ұйғарымға келе алмады. Мәжіліс Ресей президенті Д.Медведевтің өтініші бойынша жиналды. Ресей өкілі В.Чуркин Грузияны “басқыншылыққа барды” деп айыптады.
Қауіпсіздік Кеңесі аталған аумақтағы ахуалға алаңдаушылық білдірді, бірақ екі жақты да күш қолданудан бас тартуға шақырған шешім қабылдау туралы Ресейдің ұсынысын қабылдамады.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы болып отырған Финляндияның сыртқы істер министрі А.Стабб Грузия мен Оңтүстік Осетия басшыларына жанжалды доғару мақсатымен Хельсинкиде өзара шұғыл келіссөз өткізуді ұсынғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG