Accessibility links

Әлемдік жетекші елдер Тбилиси мен Цхинвалиді бітімге шақыруда


Бүгін Ақ үй соғысқан екі жақты бір-біріне күш қолданудан дереу бас тартуға шақырған мәлімдеме жасады. Еуропа Одағы екі жақты өзара жанжалды соғыс арқылы шешуден дереу бас тартуға үндеді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның қазіргі төрағасы болып отырған Финляндияның сыртқы істер министрі А.Стабб Грузия мен Оңтүстік Осетияның басшыларына жанжалды доғару мақсатымен Хельсинкиде өзара шұғыл келіссөз өткізуді ұсынғанын хабарлады.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бүгінгі мәжілісінде Оңтүстік Осетиядағы жанжал бойынша бір ұйғарымға келе алмады. Мәжіліс Ресей президенті Д.Медведевтің өтініші бойынша жиналды.
XS
SM
MD
LG