Accessibility links

Ресей Оңтүстік Осетияға танктерін кіргізді


Грузия президенті М.Саакашвили Оңтүстік Осетияға бүгін күндіз Ресейдің 150-дей ауыр соғыс техникасы – танктерінің кіргенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің 2 соғыс ұшағы атып құлатылғанын хабарлады. Франс-Пресс агенттігінің Солтүстік Осетиядағы тілшісі бүгін күндіз Ресей танктерінің Оңтүстік Осетиядағы соғысқа әзірленгенін растады.
Бүгін – Цхинвалиде кескілескен шайқас болды. Ресей президенті Д.Медведев те, премьер-министр В.Путин де Грузияның орыс жауынгерлерінің қанын төккен іс-әрекетін “жауапсыз қалдырмайтындарын” ескерткен болатын. Оның алдында Ресейдің осы аймақтағы бітім күштерінің қолбасшысы грузин жағының атқылауынан бітімгерлердің қаза тапқанын мәлімдеді, бірақ нақты санын атамады.
XS
SM
MD
LG