Accessibility links

Оңтүстік Осетияда әскери қақтығыс жалғасуда


Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияда грузиялық және ресейлік күштердің бөлініп қалған аймаққа таласы қызу соғысумен жалғасуда. Оңтүстік Осетияның Сыртқы істер министрлігі Тбилисидің бақылауындағы Кодори шатқалын қайтарып алу мақсатында әскери операцияларын бастап отыр.
Грузия Ресейді кең көлемді басқыншылық жасауда деп айыптады. Украина, Литва, Құрама Штаттар Ресейдің бұл аймақтағы әрекетін айыптап, Грузиядағы әскерін әкетуге шақырды. Бейжіңде сапармен жүрген АҚШ президенті Джродж Буш:
“Грузия егеменді ел, оның аймақтық тұтастығы сыйлануы керек. Біз аймақтағы барлық әскерлердің тезарада қақтығысты тоқтатуына үндейміз. Біз Ресейдің бомбалық шабуылдарын тоқтатуға шақырамыз”.
Буштың айтуынша, Құрама Штаттар халықаралық арағайындық жасау жөнінде әріптестерімен жұмыс жасап жатыр.
XS
SM
MD
LG