Accessibility links

Буш пен Путин Грузияны талқылады


Бүгін Ақ Үйден хабарланғандай, президент Джордж Буш Грузиядағы соғысты Ресей премьер министрі Владимир Путинмен талқылады. Бейжіңдегі олимпиада ойындарының ашылуына қатысуға барған олар жұма күні кездескен. Кездесуде айтылған мәселелер егжей-тегжейлі айтылмай отыр. Вашингтоннан хабарланғандай, Ресей Грузиядағы әскерін әкетсін әрі аймақтағы шабуылын тоқтатсын деген талаппен Құрама Штаттар Мәскеудегі елшісін қайтарып алды.
АҚШ Департаменті Вашингтондағы Ресей елшісін мемлекеттік хатшы орынбасары Джон Негропонтемен келіссөз жүргізуге шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG