Accessibility links

Ирақтағы жарылыста 21 адам қаза тапты


Ирақтың солтүстік қаласында орын алған жарылыстан 21 адам құрбан болып, кемінде 70 адам жараланған. Жарылыс жұма күні Бағдадтан 450 шақырымдай жердегі Тал Афар қаласындағы көкөніс базарында болды. Жарақат алғандар ішінде бес Ирақ полициясы бар. Мосул қаласына жақын бұл жерде өткен айда АҚШ-тың қолдауымен ирақтық күштер әл-Қаидаға қарсы операция жүргізген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG