Accessibility links

Әлемдегі басқа бүлдіршіндер сияқты Таяу Шығыстың балалары да американдық қалалардағы әділетсіздік немесе жапон еліндегі жыртқыш аңдармен күресте ешқашан жеңілмейтін айрықша батырлар туралы қиялдап келген. Осыдан бес жыл бұрын тегі кувейттік кәсіпкер Найф әл-Муттава мұсылман сипатты рахымшыл жаңа батыр тұлғасын жасап шығарғанда мұсылман балалары да өз чемпиондарын тапқандай болды.

Қазір Найф әл-Муттаваның алға қойған мақсаты осы исламдық бейнедегі кейіпкерлерін әлемге кеңінен таныту болып отыр.
Муттаваның Құранда жазылғандай Алланың 99 көркем атына сәйкестендіріп, күлдіргі кітаптар шығаруы алдымен Сауд Арабиясында үлкен қарсылыққа тап болған еді.
Жергілікті билік мұндай әңгімелер тізбегі арқылы Ислам мазаққа айналып кетуі мүмкін деп алаңдаған. Бірақ Муттава өзінің дінді дәріптеп-сыйлайтындығын дәлелдегеннен кейін, ірі деген исламшыл банктердің қолдауына ие болған. Сөйтіп оның тізбекті әңгімелері Парсы шығанағына кең тарады. Басында бұл тамаша комедиялық әңгіменің араб тіліндегі нұсқасы тегін таратылған. Осылайша “Алланың тоқсан тоғыз көркем аты” деген кітап үлкен табысқа жетіп, соңғы екі жылда бұл аймақта кітаптың 500 мың данасы сатылып кетті.

Қазіргі таңда Муттава ол шығармасын күллі әлемге танытқысы келеді. Алланың 99 көркем аты негізіндегі шығармаға құрылған алғашқы алты тақырыптық ойынбақ қараша айында Кувейтте ашылады.
Муттава енді ол балаларға мультипликациялық тұрғыда теледидар арқылы көрсетілсе, Әлем эфирлеріне 2010 жылдың соңына дейін тарайды деп сенеді. Осындай тұрғыдағы балалар шығармаларын жазып жүрген жазушылармен бірге жұмыс жасап жатқан Муттава, бұл Алланың 99 атына арналған шығарма исламдық емес әлемдерге де кең тарайды деп үміттенеді.
-Біздің кейіпкерлеріміз әлемдегі барлық балаларға тартымды болады,- деген ол,- біз енді патенттерімізді Үндістан, Бангладеш, Франция, Испания, Ұлыбритания, Құрама Штаттар мен Канадаға сата аламыз,- деп отыр.
Аталмыш туынды Ислам тарихындағы басты кезеңдер негізінде жазылған. Онда 1258 жылы Бағдадтағы Моңғол басқыншылығы кезеңі суреттеледі. Муттаваның ол тізбекті әңгімелеріндегі кейіпкерлердің прототипі Алла Тағаланың 99 асыл қасиеттеріне негізделген. Мысалы сондай кейіпкерлердің бірі “Күшті Жаппар” және “Жарық Нұр” деп аталады.
“Бұл шығармада 99 көркем аты арқылы Алла Тағаланың ерекше қасиеттеріне сүйенсем де, алайда Ислам, Алла, Құран деген сөздерді қолданбаймын,-” дейді кітап авторы.
Оның атап көрсетуінше, шығармада Ислам үлгілері қолданылған, бірақ онда ешбір Ислам туралы айтылмайды, өйткені ол жалпы құндылықтарға негізделген. Тіпті Супермен, Бэтмен және Спайдермен деген кейіпкерлердің өзі діни прототиптер. Библиядағы пайғамбарлар сияқты олар да жетімдер. Мәселен, Супермен Криптон планетасында әке-шешесін жоғалтқан. Бэтмен өзінің көз алдында ата-анасының қалай атып өлтірілгенін көрген.

Сонымен бұл “Алла Тағаланың 99 көркем аты” арқылы балаларға “біріге көтерген жүк жеңіл, күшіңді басқалармен біріктір” деген сияқты Исламның құндылықтарын ұғындыру. Мұндағы мақсат балаларға проблеманы шешетін 99 жол бар екенін үйрету дейді Муттава.
Бұл шығармадағы кейіпкерлер Әлемдегі барлық мұсылмандардан құралған. Мәселен, Индонезияның Фатх деген кейіпкері барлық жерде қақпаны ашып- жауып тұрады. Құрама Штаттардан алынған Даар соққы бере алатын кейіпкер. Португалиялық Мумита кейіпкері асқан жылдамдық иесі болса, Йеменнің бұрқа киген Батина дегені көзге көрінбейтін, бірақ аяқ астынан шыға келетін кейіпкер.
Муттаваның айтуынша, тіпті бұл жерде 50 шақты айрықша батыр әйел кейіпкер бар, оның бесеуі ғана шығармада осылай түрліше үлгіде қамтылған. Мен бұл жерде мұсылман болудың жолы жалғыз емес екенін жеткізгім келеді дейді ол.

Колумбия Университетінде бизнестік басқару білімін алған, клиникалық психологиядан философия докторы Найф әл-Муттава 2004 жылы Teshkeel Media Group компаниясын құрғанға дейін 10 жыл бойы соғыс құрбандарымен психолог ретінде жұмыс істеген. Оның қарауындағы адам Кувейтке басып кірген Ирақ армиясының құрамында болған. Сіз одан Саддам Хуссейн туралы әңгімелерді естігінде, батыр сияқты болып көрінген ол кейін өз халқын азаптайды. Сонда балаларға батырлардың әрекетіне қатысты қандай түсінік береміз деген сұрақ туады. Сол себепті мен басқаша жасап, мұсылман балаларға батырлардың жағымды кейіркерлерін көрсеткім келді дегенді айтады Муттава.
Ал Муттава туралы пікір айтқан оның әріптесі Diamond Comic Distributors компаниясының сауда-саттықпен айналысатын директоры Джим Кугорик:
"Найф әл-Муттаваның жеңімпаздығы оның өнердегі ерекше көзқарасы мен назарыңды тартатын оқиғаларында ғана емес, “Алланың 99 көркем аты” деген шығармасында мәдени түсіністік пен шынайы қабылдауға көмектесу арқылы басқалардың кеңірек ұғынуына жол ашып отырғандығында,-" дейді.
XS
SM
MD
LG