Accessibility links

Грузия арағайындыққа АҚШ-ты шақыруда


Грузия Оңтүстік Осетиядағы Ресей күштерімен әскери қақтығысына байланысты Құрама Штаттарды арағайындық жасауға шақырды. Грузияның Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Александр Ломая “AFP” агентігіне бүгін айтқанында, Грузия үкіметі АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстан Тбилисидің жолдауын Мәскеуге жеткізуді сұрады деген. Еуропа Одағы, НАТО және Құрама Штаттардан құралған делегация атысты тоқтатуға тырысып Грузияға бара жатыр. Деседе Ломаяның сөздері бұған АҚШ-тың жоғарғы дәрежелі деңгейде араласқанын Грузия қалап отырғанын білдіреді. Бүгін Ақ Үй Грузия қақтығысындағы Ресейдің әрекетіне өкініш білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG