Accessibility links

Баку Грузиядағы қақтығыс мұнай экспортына салдарын тигізді дейді


Әзірбайжаннан хабарланғандай, Грузияның Батуми порты арқылы жүретін мұнай тасушы кемелері аймақтағы Ресей мен Грузия арасындағы қақтығысқа байланысты тоқтап қалды.
Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының басшысы Абдуллаев бұл туралы теледидар арқылы мәлімдеген. Оның айтуынша, Әзірбайжан экспортқа тасымалданатын мұнай өнімдерін Грузия немесе Ресей порттары арқылы шығарады. Тағы бір хабарларда, Ресей ұшақтары Баку Тбилиси Жейхан мұнай құбыры маңына шабуыл жасаған, бірақ Грузия арқылы жүретін ол жол зақымданбағаны айтылуда.
XS
SM
MD
LG