Accessibility links

Шыңжаңда бес күдікті өлтірілді


Қытайдың ақпарат көздері хабарлағандай, елдің Шыңжаң провинциясындағы атыс пен жарылыстардан кемінде бес адам қаза тапты. Циньхуа агентігі бүгін таңертең полиция бес күдікті адамды атып өлтірді, екі полиция қызметкері мен күзет сақшысы жараланды деп айтуда. Хабарларға қарағанда, шабуылдаушылар қолдан жасалған жарлығыш заттарын үкімет ғимараты жанына қойып, екі полиция көлігі талқандалған. Шыңжаң Ұйғыр Автономиясы көбіне ұйғырлардың мекені болып табылады. Ұйғыр жікшілдері аймақтағы Қытай билігіне қарсы күресіп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG