Accessibility links

Алжирде жанкештілік шабуыл болды


Алжирдан хабарланғандай, елдің Земоури қаласында жанкештілік шабуыл болып, жеті адамның өмірін әкетті.
Бұл шабуылдың артында кімдер тұрғаны белгісіз. Өткен аптада полиция бекетінде болған жарылыстан 21 адам қаза тапқан еді. Оған жауапкершілікті әл-Қаиданың солтүстік Африкадағы өкілдері алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG