Accessibility links

Қазақстан премьері Батуми порты арқылы жөнелтілетін мұнайды ішкі рынокқа бағыттауды ұсынды


Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Грузияның Батуми порты арқылы жөнелтілетін қазақстандық мұнайды ішкі тұтыну мақсатына бағыттауды ұсынды. Тамыздың 11-күні өткен үкіметтің жиынында премьер Мәсімов осы ұсынысты елдің Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірге пысықтауды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті Серік Бүркітбаевқа тапсырды, деп хабарлады «Қазақстан Бүгін» ақпарат агенттігі. Журналистердың сұрағына берген жауабында Бүркітбаев «Қазақстан мұнайы жақын күндері Батуми портынан тасымалданбайды» деген.
XS
SM
MD
LG