Accessibility links

Батуми порты арқылы экспортталатын мұнай Қазақстанда қалуы мүмкін


Бүгінгі үкімет мәжілісінде Қазақстан премьер-министрі К.Мәсімов Грузияның Батуми порты арқылы экспортталатын мұнайды ішкі нарыққа қарай бағыттауды ұсынды.
Өз кезегінде “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының президенті С.Бүркітбаев соңғы күндері Батуми портынан мұнай тасымалының тоқтап тұрғанын атап көрсетті. Осы порт арқылы жылына орта есеппен 1 млн. тоннаға жуық шикізат экспортталып келді. С.Бүркітбаев үкімет мәжілісінде хабарлағандай, Батуми порты мен ондағы Қазақстанның меншігіне қарайтын мұнай қоймасына (терминалы) ешқандай қастандық әрекет жасалмаған.
Грузин әскерилерінің нұсқауымен Қазақстанның жүк таситын кемелері мен барлық танкері порт қайраңынан шығарылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG