Accessibility links

Биылғы күзде Қазақстанда бидай тағы да қымбаттауы мүмкін


Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігі ішкі нарықтағы астық бағасының өсуі мүмкін деп есептейді. Бүгін журналистерге берген сұхбатында ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев осылай деп мәлімдеді.
“Ресейге қарағанда, биыл күзде бізде жоғары сапалы бидай жинау болжанып отыр. Биылғы жылы бидайдың кем дегенде 70 пайызы 3-ші және одан да жоғары класты тұқым болады деп жобалаймыз”, -деп атап көрсетті министр.
Оның айтуынша, көрші Орта Азия елдері мен Иран жағынан қазақ бидайына деген сұраныс өсіп келеді, сол себепті ішкі нарықтағы бидайдың бағасы да өсуі мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG