Accessibility links

Грузияның елді-мекендерін Ресейдің 50-ден астам соғыс ұшағы бомбалады


Бүгін Оңтүстік Осетиядағы Ресей мен Грузия әскерлерінің арасындағы шайқастың қарқыны басылған жоқ. Грузияның сыртқы істер министрлігі мәлімдегендей, Ресейдің 50-ден астам соғыс ұшағы Грузияның әуе кеңістігін бұзды. Осы хабарға қарағанда, Ресей ұшақтары Тбилисиді және Коджори қыстағы мен Махата төбесін бомбалады.
Ресейлік Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, бүгін грузин әскері Оңтүстік Осетияның астанасы – Цхинвалиді атқылап, ресейлік 3 бітімгерді оққа үшырып, тағы 18-ін жаралаған. Бірақ бұл хабарды растайтын бейтарап ақпарат көзі жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG