Accessibility links

Ресей-Грузия жанжалына Франция президенті мәмілегер болмақшы


Бүгін Францияның сыртқы істер министрі Б.Кушнер хабарлағандай, Грузия мен Ресей әскерлерінің қақтығысын “бітімге жеткізуге тырысып көру үшін” француз президенті Н.Саркози ертең Мәскеуге ұшуға тиіс.

Қазір Еуропа Одағына төрағалық ететін Франция ЕуроОдақтың атынан Грузиядан бөлініп шыққан Оңтүстік Осетиядағы дағдарысты шешуге күш салып жатыр. Бүгін Тбилисиде жүрген Б.Кушнер Оңтүстік Осетиядағы ахуалды Ресей президенті Д.Медведевпен және басқа да орыс шенеунектерімен талқылау үшін Мәскеуге баруға тиіс. Осыған дейін француз министрі Тбилисиде грузин президенті М.Саакашвилимен келіссөз жүргізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG