Accessibility links

Ресей әскері Грузияның жеріне тереңдеп бармайды


Ресей президенті Д.Медведев мәлімдегендей, Ресейдің бітім күштері Оңтүстік Осетияда Грузияны бітімге күштеп көндіру операциясының басым бөлігін аяқтады. Оның айтуынша, Оңтүстік Осетияның астанасы – Цхинвали құрамы ұлғайтылған ресейлік бітім күштерінің қадағалауына өтті. Ресейдің Бас штаб бастығының орынбасары Анатолий Ноговицин Мәскеуде журналистерге Ресей армиясы Оңтүстік Осетиядан тыс Грузияның басқа жеріне бармайды деп мәлімдеді.
Ал Тбилисиде грузин президенті М.Саакашвили Мәскеу Грузияның қазіргі билігін ауыстырып, Кавказ арқылы өтетін шикізат тасымалына бақылау орнатуды көздейді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG