Accessibility links

Еурокомиссия Оңтүстік Осетиядағы қантөгіске қатты алаңдайды


Еуропа комиссиясы Ресей Грузия жеріндегі барлық соғыс қимылын дереу доғаруға тиіс деп мәлімдеді. Еурокомиссияның ресми өкілі атап көрсеткендей, Еуропа Одағының атқарушы билігі Грузиядағы “қантөгістің” жалғасуына “қатты алаңдайды”. Еурокомиссия Оңтүстік Осетиядағы қақтығыстан жапа шеккен бейбіт халыққа қайырымдылық көмек көрсетуге 1 млн. еуро қаржы бөлді.
Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Грузиядан бөлінген республикадағы ахуалды талқылау үшін осы сәрсенбі күні Брюсселде шұғыл жиналуға тиіс.
XS
SM
MD
LG