Accessibility links

Әлемнің жетекші елдері Ресейді Грузиямен бітімге келуге шақырады


Әлемнің дамыған елдері Ресейді Грузиямен арада бітімге келуді және Оңтүстік Осетиядағы дағдарысты шешуге халықаралық мәмілегерлердің қатысуына келісім беруді өтінеді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі хабарлағандай, дамыған 7 елдің сыртқы істер министрлері бүгін телефон арқылы өткен селекторлық мәжілісінде жанжалдың келіссөз арқылы шешілуін қолдайтыны туралы мәлімдеме қабылдады. Министрлер, сонымен қатар, Францияның сыртқы істер министрі Б.Кушнер бастаған халықаралық мәмілегерлердің іс-қимылын қолдады.
Өткен жексенбі күні Тбилисиде Б.Кушнермен арадағы келіссөзінің барысында грузин преиденті М.Саакашвили Ресеймен бітімге келу туралы ЕуроОдақтың барлық ұсынысын қабылдады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG