Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Басшы жоғары бір лауазымда ондаған жыл отыра бермеуі тиіс...


Қадірменді оқырман, бұл айдардың толыға түсуіне және ол оқырманның іздеп отыратын айдарына айналуына сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Өзіңіз естіген, түрлі мерзімдік басылымдардан көзіңіз шалып қалған атқамінерлердің аузынан шыққан "қанатты сөз" тіркестері мен сөйлемдерді біздің сайтымызға жолдай аласыз: аzattyq@rferl.org

Ұтымды-ұтымсыз айтылған сөздердің антологиясын бірлесіп жасауға атсалысыңыз, қымбатты оқырман.



"Басшы жоғары бір лауазымда ондаған жыл отыра бермеуі тиіс. Онда ұшқырлық болмайды. Өз орнымда отырмын деп ойлап, солай көрінуге тырысу ешқашан қателеспейтін, күнәдан таза періште келбетін туғызуға негіз болады. Мұнда мерзімдік шектеу қажет. Және жариялылықтың болуы өзінен-өзі түсінікті. Бұл барлық аурудың емі болады..."
Н. Назарбаевтың Қазақстан Министрлер кеңесінің төрағасы болып тұрған кезде "Дружба народов" журналының тілшісіне берген сұхбатынан.
"Дружба народов", 1987 жыл, 9-ы номері
Аударған Азаттық радиосы.

"Мен сол кездегі басшылыққа қарсы сөйлегеннен кейін 1985 жылдың сәуір айынан бастап үстімнен жазылған домалақ арыздар барлық жылдардағы домалақ арыздардан әлдеқайда көп еді. Бәрі жоғары жаққа жеткізіліп, менің әрбір қадамым бақылауда болды. Менің бауырым совхозда жұмысшы, слесарь-сантехник болып жұмыс істейтін.Үш баласы бар, әйелі асханада жұмыс істейді. Ол жаққа адамдар жіберіліп, бауырымның үйінің әр сантиметрін өлшеп, оның үйді заңсыз салғанын, құрылыс талаптарын сақтамағанын, менің жоғары лауазымымды пайдаланғанын дәлелдегілері келіп, әбден тырысып бақты...
Сұрақ: Сонымен бірдеңе анықталды ма?
Жауап: Бәрі де заңды, бауырымының артық бір метрі де болмай шықты."
Н.Назарбаевтың Совет дәуірінде кең тараған "Дружба народов" журналының 1987 жылғы 9-ы санында жарық көрген сұхбатынан алынды.
Аударған Азаттық радиосы.


"Мен барша халықтың алдында туыстарым мен достарымды, үзеңгілестерімді өз аттары мен ар-намыстарын сақтауға, кір келтірмеуге шақырам. Сіздер әрдайым ел алдындасыздар, сіздердің мінез-құлықтарыңыз бен тәртіптеріңізге қарап, ел Президент пен билікке баға береді."
Н.Назарбаевтың азаматтарды коррупциямен күреске шақырған үндеуінен. "Казахстанская правда", 11 шілде, 1998 жыл
Аударған Азаттық радиосы.


"Менің шынайы ұғымымда Қазақстандағы кез-келген авторитаризм бұл тығырққа тірейтін жол. Жақын болашақта демократиялық еркін қоғам ғана біздің тұрақты да бақытты өміріміздің кепілі бола алады."
Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылғы Қазақстан халқына жолдауынан.
"Казахстанская правда" газеті, 1қазан, 1998 жыл.
Аударған Азаттық радиосы.


"Бізде бәрі жаман, ана жерде ұрлық, бізде анау, бізде мынау деп айқайлайтын адамдар қазақстандықтарды алдайтындар. Оларды желкелеп қуу керек, Қырғызстанға жіберу қажет, қай жерде шын мәнінде жаман екенін көздерімен көрсін..."
Н. Назарбаевтың 2005 жылы қараша айында, президенттік сайлау науқаны барысында айтқандарынан.
Аударған Азаттық радиосы.


"Коммунистік Жоғарғы кеңесі бар, парламенттік республика бізде 93-94-ші жылдары болған. Әр министрді парламент бекітетін ол уақытты біз өтіп кеткенбіз. Бізге бұл керек пе? Менің ойымша керегі жоқ."
Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылы қазан айында Кәсіпкерлер жиынында айтқан сөздерінен.
Аударған Азаттық радиосы.



"Біздің компания арқылы Үкімет ел үшін стратегиялық маңызы бар Шымкент мұнай өзңдеу зауытына бақылау жасайды, соның арқасында ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне өзінің ықпалын арттыратын болады."
ҚазақМұнайГаз" ұлттық компаниясының президенті Ұ. Қарабалиннің 2006 жылы шілде айында "ПетроҚазақстанҚытай" мұнай компаниясының үлесін "ҚазақМұнайГаз" ұлттық компаниясының сатып алатыны туралы келісімге қол қойылғаннан кейін айтқандарынан.
Аударған Азаттық радиосы.



Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG