Accessibility links

Сенат депутаттығына 27 кандидат тіркелді


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабарлауынша, Парламент сенатының депутаттығына үміткер ретінде 27 адам тіркелген. Олардың бесеуін жергілікті мәслихаттар ұсынса, 22 адам кандидаттыққа өзін өзі ұсынған. Тіркелгендердің ішінде бір әйел адам бар, үш кісі қазіргі сенаттың депутаттары. Тіркелгендердің 8-і «Нұр Отан» партиясына мүше екендерін көрсеткен. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қыркүйектің 3-іне дейін жалғасады. Қазақстанда Сенат депутаттарының кезекті сайлауы 2008 жылғы қазанның 4-іне белгіленген.
XS
SM
MD
LG