Accessibility links

Бейбіт жоспар шарттары негізінен мақұлданды


Франция мен Грузия президенттері – Н.Саркози мен М.Саакашвили Оңтүстік Осетиядағы дағдарысты реттеу шарттарын негізінен мақұлдады. Бұл туралы олар Тбилисидегі келіссөзден кейін хабарлады.
Шарттар Н.Саркозидің Ресей президенті Д.Медведевпен келіссөзі нәтижесінде әзірленді. Ресей президентімен келісе отырып құжаттың мәтініне бірқатар өзгеріс енгізілді. Оның ішінде атысты доғарып, орыс және грузин әскерлерін атыс басталғанға дейінгі шептеріне шегіндіру және қайырымдылық көмекті мұқтаж аудандарға еркін жеткізуге мүмкіндік беру міндеттері қарастырылған.
Құжатта, сондай-ақ, жанжалды ұзақ мерзімге реттеудің жоспары әзірленгенше, грузин-осетин жанжалы аумағында ресейлік бітім күштерінің қалатыны айтылады.
Өз кезегінде М.Саакашвили кез-келген бейбіт жоспарда өз жерінің біртұтастығына күмән келтіруге Грузияның жол бермейтінін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG