Accessibility links

Грузияға одақтас 5 ел “Ресейдің үстемдік заманы өтті” деп мәлімдеді


Бұрынғы коммунистік 5 республиканың жетекшілері Ресеймен жанжалдасқан Грузияны қолдайтындарын білдіру үшін Тбилисиде жиналған халықтың алдына шықты. Оның ішінде украин президенті В.Ющенкомен бірге Польша, Эстония, Литва президенттері мен Латвияның премьер-министрі болды. 10 мыңдаған халықтың алдында сөйлеген сөзінде поляк президенті Лех Качински “Ресейдің үстемдік еткен заманы өтті” деп мәлімдеді. Грузияның одақтастары болып табылатын елдердің жетекшілері, сонымен бірге, Ресейдің Грузиядағы іс-әрекеті Мәскеудің осы аймаққа үстемдік жүргізуге әзір тұрғанын байқатты деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG