Accessibility links

Триполи түрлі діни топтың қақтығыс аймағына айналды


Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында болған жарылыстан кемінде 16 адам мерт болып, 30-ға жуығы жараланды. Ресми биліктің хабарлауынша, қаза тапқандардың кем дегенде жетеуі - жауынгер. Қаланың халық көп жүретін алаңындағы жол бойына қойылған бомба жолаушы автобусы өте берген сәтте іске қосылды. Соңғы кезде Триполи түрлі діни топтың өзара қақтығысқан жеріне айналды. Өткен жылы осы ауданда Ливан армиясы мен Палестина босқындарының лагерін паналаған “Фатх Әл-Ислам” ұйымының арасында кескілескен шайқас болды.
XS
SM
MD
LG