Accessibility links

“Бейбіт бітімді бұзды” деген Грузияның айыптауын Ресей мойындады


Францияның мәмілегер болуымен өткен сейсенбі күні қол жеткен бітімге қарамастан, Ресей өз әскерінің грузиндердің Гори қаласының іргесінде тұрғанын мойындады.
Оның алдында Ресейдің Бас штаб бастығының орынбасары ресейлік соғыс техникасының Оңтүстік Осетияға жақын Гори қаласында тұрғанын және қаланың тоналғанын теріске шығарған болатын. Кейінірек Ресей әскерінің өкілі жанжал аумағын қарусыздандыру үшін қаладағы қару-жарақ қоймасынан грузин әскерінің қару-жарағы мен оқ дәрілерін тәркілегенін мойындады. Ресей мен Грузия арасындағы сейсенбі күнгі бітімге – Франция президентінің мәмілегер болуымен қол жеткен болатын..
XS
SM
MD
LG