Accessibility links

Алматыда пара алған деген күдікпен салық комитеті басшыларының бірі ұсталды


Алматы қаласы бойынша салық комитеті бастығының орынбасары Н. тамыздың 11-күні өзінің жұмыс орнында 30 мың АҚШ доллар пара алып жатқан кезде ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Күдіктінің қызмет кабинетін тексеру кезінде 130 мың АҚШ доллары, 20 мың еуро және 850850 теңге ақша табылған. Бұған қоса, күдікті Халықтық банктің депозитарийінде 400 мың доллар мен 308 мың еуро сақтаған. Қазір ҰҚК-нің Алматыдағы тергеу абақтысына қамалған күдіктіден жалпы сомасы 1 млн АҚШ долларынан астам ақша алынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG